Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Агроғылымды дамыту – ел экономикасына серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға қатысты айтқан ойлары – еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің болашағын айқындайтын стратегиялық бағыт.

Ауыл шаруашылығы ғылымының қарқынды дамуы – аграрлық саланың өнімділігін арттырудың басты кепілі. Бүгінде ғылыми әзірлемелердің өндірісте қолданылу деңгейі төмен, бұл саладағы инновация мен тәжірибенің алшақтығын көрсетеді. Ғылым мен практиканың арасындағы байланысты күшейту – уақыт күттірмейтін міндет.

Ғылыми кадрлардың ауыл шаруашылығына тартылуы да өзекті мәселе. Сала мамандарының 40 пайызы ғана агросекторда жұмыс істеп жатқаны – білім беру жүйесі мен еңбек нарығының үйлеспейтінін аңғартады. Бұл олқылықты жою үшін жас ғалымдарға жағдай жасап, олардың жобаларын қолдау қажет.

Ветеринария мен фитопатология саласының кенжелеп қалуы – ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор. Бұл бағытты дамыту арқылы Қазақстан өз өнімін тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті ете алады.

Цифрлық технологияларды енгізу – ауыл шаруашылығы ғылымының жаңа белесі. Заманауи цифрлық картография, жасанды интеллект пен «ақылды» агротехнологиялар жерді тиімді игеруге, еңбек өнімділігін еселеп арттыруға жол ашады.

Агроғылымды жүйелі дамыту – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл аймақтарының әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне де серпін беретін маңызды қадам.

Айбар  Ерекешов, облыстық мәслихат депутаты