Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда республикалық екі автожол учаскесі пайдалануға беріледі

Өңірімізде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып, республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелері орташа жөндеуден өтіп, екі ірі жол учаскесі іске қосылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Бұл туралы «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облытық филиалының директоры Аслан Дюсенов айтты. Олар KZ06-02 «Махамбет – Х. Ерғалиев» автожолының 0–10 және 35–45 шақырым аралығы және KAZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау теңіз порты» автожолының 101–102,2, 119,6–122 және 171,6–210 бөліктері.

«Филиал инженерлері аталған жол учаскелеріне 34 рет тексеріске шығып, жол-құрылыс материалдарынан 190 сынама алды. Қорытынды нәтижесінде 11 ақау мен бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі күні барлық анықталған ақаулар мен материалдардың сәйкессіздіктері толық көлемде жойылып, нәтижесі бойынша оң қорытындылар берілді» деді А.Дюсенов.

Жол учаскелерінің жаңартылуы өңірдегі көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттырады. Сонымен бірге, автожолдардың жаңғыруы аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ