Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық спортшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Атыраулық спортшы, Вестерн раннерс жүгіру клубының қалаушысы, бапкер Еркебұлан Аташев Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Үндістанда өткен жеңіл атлетикадан 23-ші Азия чемпионатында атыраулық спортшы Еркебұлан Аташев екі бірдей қашықтықта жүлделі орын иеленді. 1500 метр қашықтықта – екінші орын, нәтижесі – 4:14.32 секунд, 800 метр қашықтықта – үшінші орын, нәтижесі – 2:07.87 секунд. 

Бұл жетістік – спортшының табандылығы мен еңбегінің жемісі. Еркебұлан Азия құрлығының үздік желаяқтарымен сынға түсіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ