Атырауда, атап айтқанда, Еркінқала ауылы маңында зираттарды бүлдіру дерегі орын алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Осы орайда, біз облыстық полиция департаментіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырған едік.
"Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады" дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ