Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады, деп жазады AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау-Дамба автожолында, Бөгенбай батыр көшесінде қарсы бағытта келе жатқан Hyundai Creta көлігі жол бермей, екінші жолақпен жүрген патрульдік Hyundai Elantra көлігімен соқтығысты.
Көлік апаты нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Автомобильдерге механикалық зақым келді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша барлық қажетті материалдар жиналып, тексеріс жүргізілуде.