Атырау әуежайында ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан
Оқиға 8 қараша күні «Атырау – Алматы» бағытындағы рейске тіркелу кезінде болған. Жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Бірақ, тексеріс барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады. Әуежай өз жұмысын жалғастыруда. Ал, облыстық полиция департаменті еліміздің Қылмыстық кодексінің 273‑бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғады.
Аман ШАМАР
Фото: azh.kz