Атырау–Орал трассасында жеңіл көліктің жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысу салдарынан екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау–Орал автожолының 29-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Полицияның мәліметінше, Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі жолға кенеттен шығып кеткен жылқыны көріп, дер кезінде тоқтап үлгермеген. Соққының әсерінен көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, MAN жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 1987 жылы туған жүргізуші мен 1990 жылы туған жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде жануардың жолға қалай шығып кеткенін анықтап жатыр.