Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Айыпталушы жауап беруден бас тартты

Яна Легкодимованың ісі бойынша соңғы сот отырысында айыпталушы Алтынбек Катимов жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Ол өзіне тағылған Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша айыппен келіспейтінін және Яна Легкодимованың телефонын жоюға қатыспағанын айтты.

Алтынбек Катимов тапсырыспен адам өлтіру айыбын мойындаған жоқ, бірақ алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіргенін мойындап, істеген ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, ол Янамен де, Ризуан Хайыржановтың сүйіктісі Дана есімді қызбен де, сондай-ақ Янаның анасымен де жеке таныс болмаған.

Соттың қылмыстың себебі мен өз қатысуына қатысты сұрақтарына Катимов жауап бере алмады және қайтадан жауап беруден бас тартты.

Лия Нұртай