Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау архивінде 5 миллионнан астам құжат цифрланды

Атырау облысы мемлекеттік архивінде құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

 Бұл туралы облыстық мемлекеттік архивінің Ақпараттық технология бөлімінің басшысы Рауан Досжанова Atyrau Press тілшісіне хабарлады.

Бөлім басшысының айтуынша, құжаттарды цифрландыру ісі олардың ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, жоғалу қаупін азайтады әрі халық үшін қолжетімділігін арттырады.

Облыстық архивтің 636 қорында 400 мыңға жуық құжат сақтаулы. Оның ішінде тарихи-мәдени мұралармен бірге жеке құрамға қатысты (еңбек өтілі) деректер де бар. «Архив - 2025» бағдарламасы аясында бұл құжаттарды сканерлеу және электронды базаға енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.

2012 жылдан 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына дейін облыстық архив және оның филиалдары 5 446 280 парақ құжатты цифрланды. Ал биылғы жоспар - 560 297 парақты электронды форматқа көшіру болса, қазіргі таңда оның 383 003 парағы цифрға енгізілген.

Сонымен қатар, цифрланған құжаттар кезең-кезеңімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген «Е-Архив» электронды құжаттар базасына жүктелуде. Бұл жүйе арқылы азаматтар құнды деректерге онлайн режимде қол жеткізе алады.

 

Қ.ТӨЛЕПОВ.