Республика күніне орай Индерде аудан тарихында маңызды орын алатын “Димаш төбе” тарихи-мәдени кешені салтанатты түрде ашылған болатын, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұл нысан — ауданның мәдени келбетін байытып, тарихи жадымызды жаңғыртатын рухани орталық. “Димаш төбе” атауы 1978 жылы осы өңірге мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың сапарымен байланысты. Сол кезден бастап бұл мекен халық жадында сақталып келеді. Жоба Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан – Адал азамат, еңбекқор халық” қағидатымен үндесіп, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан. “Димаш төбе” тарихи-мәдени кешені — өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, ұлт рухын асқақтататын мұра.