Атырауда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» акциясы жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Акцияның мақсаты — мәселеге қоғам назарын аудару, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Акция аясында Атырау қалалық полиция басқармасы мекенжайларға рейдтер жүргізіп, есепте тұрған азаматтарды тексеруде, сондай-ақ ойын-сауық орталықтары мен ауылдық округтерде ақпараттық брошюралар таратуда.
Фактілер:
• Жыл басынан бері 102 нөміріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 4015 қоңырау түскен.
• 3510 жағдай бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыздар — үнсіз қалмаңыз. 102 нөміріне хабарласыңыз" дейді мамандар.