Өңірдің тұрақтандыру қоры арқылы сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне 19 түрлі азық-түлік кіреді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Өнімдер бүгінде нарық бағасынан төмен сатылымда. Бұл – тұрғындарға қолжетімді бағаны қамтамасыз етудің бір жолы. Тауарлар тұрақтандыру қорының назарында болғандықтан, баға негізсіз көтерілмейді және әрқашан қолжетімді деңгейде сақталады.
"Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша ірі сауда желілері, базарлар және негізгі азық-түлік өндірушілерімен 50-ден астам келісім жүргіздік. Осының негізінде бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қойылады. Қол қойылған құжаттар аясында біз кәсіпкерлермен бірге баға мониторингін күшейтеміз. Делдалдық тізбектерді қысқарту және нарықтағы ауытқуларды дер кезінде бақылау арқылы әлеуметтік тауарлар бекітілген бағамен ұсынылады" дейді мамандар.
Аман ШАМАР