Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мұнай-газ химиясы бойынша журналистерге семинар өтті

Атырауда БАҚ өкілдеріне арналған «Мұнай-газ химиясы қарапайым тілде: шикізаттан полиэтиленге дейін» тақырыбында оқыту семинарын өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан өнеркәсібінің жаңа стратегиялық бағыты ретінде қалыптасып келе жатқан мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі үдерістерді журналистерге түсіндіру және медиа кеңістікте аталған тақырыптың сапалы көтерілуіне ықпал ету, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Білім беру бағдарламасы теориялық бөлім мен интерактивті куизден тұрды. Сарапшылар мұнай-газ химиясы саласының қазіргі заманғы өнеркәсіп, медицина және күнделікті өмірдегі маңызы туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ «Полиэтилен» секілді ірі жобалардың іске қосылуы ел үшін экспорттық әлеуеті жоғары жаңа саланың қалыптасуына және заманауи жұмыс орындарының ашылуына жол ашатынына ерекше назар аударылды.

Семинар кезінде айтылған ақпаратты бекіту мақсатында қатысушылар арасында интерактивті куиз ұйымдастырылды. Журналистер ойын форматында негізгі ұғымдарды қайталап, білімін тексеріп, командалық жұмыс көрсетті.

Әлия ЖАМИТОВА