Өңірде жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау бағытындағы белсенді жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жыл басынан бері қалалық және аудандық карьера орталықтарына 24 мыңнан астам жас жүгінген, олардың 22 500-і түрлі әлеуметтік қолдауға ие болды.
7 121 жас жұмысқа орналасты:
• шамамен 4 000-ы – тұрақты жұмыс орындарына
• 3 154-і – субсидияланатын жұмыс орындарына
Маусым айынан бастап 33 жас қысқа мерзімді курстардан өтті.
Online Skills платформасы арқылы 729 адам оқып, 550-і сертификат алды.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша:
• 862 адам оқудан өтті
• шамамен 500-і курсты аяқтады
• 71-і – жұмысқа орналасты
• 43-і – мемлекеттік грант алды
Жұмыспен қамту және көші-қон бөлімінің басшысы Гүлболат Аманғалиева қолдау шаралары жастарға мансабын батыл бастауға және өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Әлеуметтік осал санаттағы 114 жас 400 АЕК көлемінде берілетін қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсібін ашты.
13 500 жас кәсіби бағыт-бағдар және мамандық таңдауға қатысты кеңес алды.
Өңір жастары мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді белсенді пайдалануды жалғастыруда.