№79 түзету мекемесінде «Үміт сәулесі» атты ерекше жоба өткізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жобаның мақсаты – сотталған азаматтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және болашаққа үміт отын ояту.
Іс-шара барысында қатысушылар өз қолымен жасаған бұйымдарын – қолөнер туындылары, тоқылған заттар және матадан тігілген киімдерді көрсетті. Әр туынды адамның ішкі әлемін, өмірге деген құштарлығын және болашаққа сенімін бейнеледі.

Мұндай шығармашылық бастамалар сотталғандарға бос уақытын тиімді өткізуге ғана емес, еңбек арқылы рухани сауығуына да үлкен үлес қосады.
«Үміт сәулесі» жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, сотталғандардың қоғамға бейімделуіне және жаңа өмірге сенімді қадам басуына ықпал ететін болады.
Әлия ЖАМИТОВА
