Атырау облысы президенттің міндеттерін іске асыра отырып, мектептерге жи енгізуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атыраудағы Орталық Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (ФОК) оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдануға арналған екі күндік «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: озық деңгейдегі форум» атты интенсив аяқталды. Біліктілікті арттырудың ауқымды бағдарламасының шарықтау шегіне айналған іс-шараға Атырау облысынан 1700-ден астам педагог және өңірлік Білім беру басқармасының басшылығы қатысты. Форум Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және ЖИ-ді орта білім беру жүйесіне енгізу жөніндегі тапсырмаларын іс жүзінде іске асыруға бағытталды.
Интенсивтің негізгі мақсаты – Альфа буынымен жұмыс істеу үшін мұғалімдердің әдістемелік және цифрлық құзыреттерін жетілдіру болды. Екі күн ішінде педагогтер 20-дан астам озық цифрлық құралдарды – ChatGPT, Midjourney және Gemini сияқты генеративті ЖИ жүйелерінен бастап, TikTok, Minecraft және Mentimetr сияқты оқушыларды тарту құралдарына дейінгі практикалық дағдыларды меңгерді.
Форумда жасанды интеллекттің классикалық педагогиканы қалай өзгертетінін көрсете отырып, Қазақстанның танымал сарапшылары мен жаңашылдары сөз сөйледі. Атап айтқанда, ұйымдастырушылардың бірі Нұрлан Қиясов Медиа- және ЖИ-сауаттылық тақырыбын ашып, ЖИ білім стандарттарын қалай түбегейлі өзгертетінін түсіндірді. Ал, Qalamedutech қауымдастығының жетекшісі, EdCrunch Academy ЖИ саласындағы тренері Аида Абильякимова оқушыларды барынша тарту үшін ЖИ-құралдарын пайдалана отырып, "ВАУ-сабақты" қалай жасау керектігін көрсетті. Сол секілді, биология пәнінің мұғалімі, EdCrunch Academy ЖИ саласындағы тренері Юна (Айгерім) Балғабекова цифрлық буынға түсінікті оқыту үшін қысқа, вирустық контент (анимациялар, бейнелер) жасаудың жаңа әдістемесі – "Вайб-кодингті" таныстырды. Биология пәнінің мұғалімі, блогер Марат Айтқалиев цифрлық дәуір оқушыларымен тиімді қарым-қатынас жасауға баса назар аудара отырып, "Альфа буынына арналған педагогика: мұғалім жаңа цифрлық құралдарды қалай меңгеруі керек" деген тақырыппен сөз сөйледі. Темірбек Нұрғазыұлы және Айым Мавлен негізгі пәндер бойынша сабақтарға арналған ЖИ негізінде шығармашылық медиаконтент жасау бойынша практикалық кейстерді көрсетті.
«Жақсы мұғалім сабақтың мазмұнын, оқыту стратегиясын бірден өзгертіп отырады. Мысалы, егер мұғалім бірінші сабақты презентация түрінде өткізіп, балалардың көзінен қызығушылық байқамаса, ол енді бұл презентацияны көрсетпейді. ЖИ-дың көзі жоқ, оның мақсаты жоқ, ол тек сұранысқа сәйкес мәтінді формальді түрде береді. Ол балаларға не болатынын және оларды өмірге қалай дайындау керектігін ойламайды. Сондықтан мұғалім жауапкершілікті ЖИ-ға аударып, GPT-нің сабақ жоспарын ұстануға тиіс емес. Біз ұстаздан оны мектепке шақырған құқығын — яғни, оқыту, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында жол көрсетуші болу құқығын алып тастамауымыз керек. ЖИ-дың міндеті – тек қосалқы құрал болу, педагог қиындық көретін жерде көмектесу: лезде кері байланыс беру немесе үлгеріміне қарай әртүрлі деңгейдегі қиындықтары бар тесттерді жасау» дейді Нұрлан Қиясов.
«Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: озық деңгейдегі форум» атты бұл шара «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар оқытуда» бағдарламасы бойынша 1700 мектеп мұғалімінің біліктілігін арттырудың бірегей бағдарламасы аясында іске асырылды.
Атырау облысы білім беру жүйесіне ЖИ енгізу бойынша отандық және шетелдік танымал сарапшылар жасаған осындай кешенді бағдарламаны іске асырып отырған Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып отыр.
Оқыту 40 күннен астам уақыт бойы офлайн және онлайн форматтарда өткізіледі. Осы уақыт ішінде педагогтер келесі дағдыларды меңгереді.
Атап айтқанда:
- Оқу процесінде ЖИ қолдану: ChatGPT, Midjourney, Gemini және басқа да генеративті жүйелерді меңгеру;
- Оқушылардың медиа- және ЖИ-сауаттылығын дамыту (PISA 2029 үшін MAIL);
- Оқытуды жекелендіру, тесттерді жылдам құрастыру және үй тапсырмаларын тексеруді автоматтандыру технологиялары;
- "Вайб-кодинг" – вирустық контент жасау құралын игеру;
- ЖИ-агентті әзірлеу және этикалық салдарын түсіну.
Бағдарлама халықаралық PISA зерттеуіндегі өңірдің позициясын нығайтуға бағытталған және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беруде ЖИ қолдану жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылуда.
Бағдарламаны ұйымдастырушы – Атырау облысы Әкімдігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен EdCrunch Academy білімді дамыту институты.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш мектептерде Жасанды Интеллекті (ЖИ) оқытуды міндетті ететінін жариялады. Эстония педагогтерді ЖИ-ді жүйелі түрде оқытудан бастап, AI Leap ұлттық бағдарламасын іске қосуда. Ұлыбритания мұғалімдердің жүктемесін азайту мақсатында мектептерге ЖИ-құралдарын дамытуға 4 миллион фунт стерлинг инвестициялады. Ресей 2025 жылы мемлекеттік бастама аясында 200 мың оқушыны ЖИ және робототехникаға тегін оқытады. АҚШ ЖИ-ді жалпы мектеп бағдарламасына енгізіп үлгерді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ