Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық атлет ел чемпионатында алтын жеңіп алды!

Қарағанды қаласында "Qazaqstan_fma" ұйымдастыруымен ардагерлер мен әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атыраулық спортшылар өңір намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті. Команданың мақтанышы — Айгүл Уалиева 60 м, 200 м, 800 м және 1500 м қашықтықтарында бірінші орын алып, төрт бірдей алтын медаль жеңіп алды.

«Өзімді көрсетуге, мықтылардың қатарында болуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстанның Master Athletics федерациясына алғыс айтамын. Алға ұмтылып, дамудан тоқтамайтын жандардың ортасында болу — үлкен мәртебе. Сондай-ақ бапкеріме еңбегі мен маған деген сенімі үшін рақмет. Бір орында тұрмай, алға қарай жылжи береміз», — дейді спортшы.

Сондай-ақ, Жұлдыз Заманғалиева да үздік нәтиже көрсетіп, 60 м, 200 м және 800 м қашықтықтарында үшінші орын иеленді. Жеңіспен елге оралған спортшы қыздар Атыраудың абыройын асқақтатып, қала тұрғындары үшін зор мақтанышқа айналды.