Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда биыл қанша спорт және ойын алаңы салынбақ?

Елімізде футзал танымал спорт түріне айналуда. Маусымдық лига ойындарына халық көптеп келеді. Осы орайда, Атырауда спорт кешендерін көбейту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? Сондай-ақ, жастарға арналған мәдени және спорттық нысандар жеткілікті ме? Біз мұны шаһар басшылығынан сұраған едік, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Тілек Махуовтың айтуынша, Атырауда жастарға арналған мәдени және спорттық нысандарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

– 2024 жылы «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ тапсырыс беруші ретінде 24 спорт алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, - дейді ол бізге берген жауабында. – Аталған спорт алаңдары Өркен, Геолог, Бірлік, Самал және басқа да шағын аудандарда орналасқан. Сонымен қатар, 2024 жылы Ақсай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) салынды. 2025 жылы Дамба ауылында тағы бір ФОК құрылысы жүргізілді.Алдағы уақытта Құрсай, Көкарна және басқа да шағын аудандарда спорт алаңдарын салу жоспарлануда.

Аталған мәселе бойынша 2025 жылы Атырау қаласы аумағында тұрғын Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан 80-ге жуық балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 23 мекенжайда ашық футбол алаңдары орнатылып, қазіргі таңда тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Бұдан бөлек, 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, қала аумағында шамамен 30 кіші футбол алаңын және 50-ге жуық балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салу көзделіп отыр. Атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ