Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысы әкімінің орынбасары әлем чемпионы атанды!

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев шотокан каратэден әлем чемпионы атанып, Стамбул қаласында өткен WSF ұйымының 16-шы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Спортшы 45–54 жас санатында (Shobu Ippon Kumite Open) өнер көрсетіп, турнирді бірде-бір жеңіліссіз сәтті аяқтады. Sportdata жүйесінің мәліметінше, Мурзиев өз салмағында барлық жекпе-жектерді сенімді түрде жеңіп шыққан. Алғашқы кездесуінде ол Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен жеңді. Келесі кезеңде де дәл осындай есеппен қарсыласынан басым түсті. Жартылай финалда атыраулық спортшы Кот-д’Ивуар елінің өкілі Франк Лоусонмен кездесіп, тағы да 2:0 есебімен жеңіске жетті. Финалдық жекпе-жекте Марат Мурзиев жеңіске жетіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді. Аталған чемпионатқа Түркия, Әзербайжан, Ұлыбритания және Африка елдерінен келген спортшылар қатысты.

Айта кетейік, Марат Мурзиев спорттағы жетістіктерімен қатар Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады және бұған дейін өңірдің бірнеше ауданын басқарған.