Қазақстан Премьер-лигасының 8-туры аясында «Атырау» өз алаңында «Алтайды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ойын тартысты өтті, дегенмен алаң иелері өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, матч соңына дейін жеңіс нәтижесін сақтап қалды. Кездесуге клуб президенті Болат Қайроллаұлы қатысты. Ойыннан кейін ол командаға, жаттықтырушылар штабына және жанкүйерлерге қолдау мен атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.
«Атырау» футбол клубы барлық жанкүйерлеріне қолдаулары үшін алғыс айтып, команданың алға қарай ілгерілеуін жалғастырып жатқанын атап өтті.