Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Атырау» футбол клубында – жаңа бас бапкер

Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

AmanVIBE деректеріне сүйенсек, тәжірибелі маман клубпен екі жыл мерзімге келісімшартқа отырған. Бұл келісім бойынша ол алдағы маусымдарда команданың дамуына жауап беріп, «Атырау» клубының нәтижесін жақсартуға жұмыс істейді. 

Сонымен қатар Владимир Чебурин Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері қызметін де қатар атқара береді. Яғни ол бір мезгілде әрі ұлттық жастар құрамасымен, әрі «Атырау» клубымен жұмыс жүргізеді. 

Айта кетейік, Чебурин бұған дейін де Қазақстан футболында табысты жұмыс істеген тәжірибелі бапкерлердің бірі саналады. Оның жаңа қызметі «Атырау» клубының алдағы ойындары мен даму стратегиясына оң әсер етеді деген үміт бар.