«Атырау» футбол клубының жаңа бас директоры болып Айбек Тлеужан тағайындалды. Ол — Атырау облысының тумасы, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұл туралы «Серый Cardinal» телеграм-арнасы мәлімдеді. Айбек Тлеужанның басқару және спорт саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол Ұлыбританияда білім алған, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» және «ҚТЖ» секілді ірі ұлттық компанияларда жұмыс істеген.
Футбол саласында «Түркістан Арена» стадионы директорының орынбасары, «Тұран» ФК директоры қызметтерін атқарған, сондай-ақ «Ордабасы» ПФК-да басшылық лауазымдарда болған.
Бұл тағайындау клубтың басқару құрамын күшейтіп, оның инфрақұрылымы мен спорттық нәтижелерін дамытуға бағытталған.