Атырауда Жеңіс саябағындағы қыздың өліміне қатысты іс қайта қаралады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қазақстанның кассациялық соты Атырауда ескерткіштің құлауынан бала қаза тапқаннан кейін сотталған мүсіншінің үкімін күшін жойды. Іс қайта қарауға жіберілді.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың маусым айында Жеңіс саябағында болған. Жаңбыр кезінде адамдар монументтің маңына паналап тұрған сәтте ескерткіш кенеттен құлаған. Салдарынан ер адам мен оның 7 жастағы қызы зардап шекті. Әкесі аман қалғанымен, қыз бала кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Осыдан кейін Атырау соты ескерткіш авторын 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырғанымен, кассациялық инстанция үкімнің күшін жойды.
Қазіргі уақытта мүсінші іс қайта қаралғанға дейін колонияда қалады.
Сот сондай-ақ нысанның тапсырыс берушісі болып, оны орнату мен пайдалануды бақылауы тиіс болған әкімдік қызметкерлерінің де жауапкершілігі болуы мүмкін екенін атап өтті.