Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жайық өзенінде балық аулау ережесін бұзған екі азамат анықталды

Атырауда Жайық өзенінде балық аулау ережесін бұзған екі азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды. Бұл туралы AtyrauTODAY тілшісі хабарлайды.

Атырау облыстық балық инспекциясы бөлімінің мамандары өздеріне бекітілген Жайық өзенінің учаскелерінде бақылау-рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейд барысында екі жеке тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, балық аулаушыларға қолданыстағы балық аулау қағидалары түсіндірілді. Мамандар тәуліктің қараңғы уақытында балық аулауға, сондай-ақ мөлшері белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кіші балықтарды аулауға тыйым салынатынын еске салды.

Сондай-ақ, өзен жағасында тазалықты сақтап, қоқыс қалдырмау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.