Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

"Приквокзальныйда" не боп жатыр?..

Атырауда көпқабатты үйдегі өрт кезінде бес адам құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өрт Привокзальный-3 шағынауданындағы бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған. Өрт ас үйден басталып, жиһаздарды шарпыған. Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Автосаты мен құтқару қалпақтарының көмегімен ғимараттан бес адам, оның ішінде бір бала құтқарылды.

"Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...