Атыраудағы тұрғын үйдегі өрт кезінде бала құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Нұрсая ықшам ауданында алты қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті тез арада сөндіріп, жалынның пәтерге таралуына жол бермеді.
Қатты түтінге байланысты 4-қабаттағы пәтерден 2019 жылы туған бала баспалдақ арқылы далаға шығарылды. Сонымен қатар 45 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
