Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Мақатта азық-түлік дүкенінен 37 қаптама насыбай тәркіленді

Мақат ауданында учаскелік полиция инспекторлары бекітілген аумақта жүргізген тексеру барысында азық-түлік дүкендерінің бірінде насыбайдың заңсыз сатылғанын анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, 35 жастағы сатушы тыйым салынған өнімді жұмыс орнында сатып келген. Тексеру барысында 37 қаптама насыбай табылып, тәркіленді.

Аталған құқық бұзушылық бойынша сатушыға заңсыз сауда жасау фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырып, тыйым салынған өнімдердің заңсыз сатылу деректері туралы 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.