Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметінің ұшқыштары санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 2008 жылы туған баланы эвакуациялады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Науқас Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан Атырау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Ұшу барысында әуе кемесінің экипажы қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, медициналық бригада баланың жағдайын үздіксіз бақылауда ұстады.

