Атырауда көшеге темекі тұқылын тастаған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырауда 23 жастағы жергілікті тұрғын көшеге темекі тұқылын тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықты Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тіркеген. Оқиға Әйтеке би көшесіндегі Хамит Ерғалиев ескерткіші маңында болған. Бейнежазба арқылы тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты заң талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылды.
Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және қала тазалығына ұқыпты қарауға шақырды.
