Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда не болған? (+ВИДЕО)

Құлсарыда балалар дер кезінде полиция шақырып аналарының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

22 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Құлсары қаласында аулада ойнап жүрген балалар үйлеріне кіре алмай тұрғанын полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне көршілер пәтерден газдың иісі шығып жатқанын жеткізген. Қауіптің жоғары екенін түсінген тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, пәтер есігін бұзып кірген. Ішінен ес-түссіз жатқан 47 жастағы әйел табылып, полицейлер жедел-жәрдемді күтпестен оны қызметтік автокөлікпен ауруханаға жеткізген.

Тексеру барысында пәтердің ас бөлмесінде газ плитасының бұрандалары ашық қалып, газдың таралғаны анықталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнында қауіпсіздік шараларын қабылдап, газ-авариялық қызметті шақырды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, балалардың дер кезінде хабар беруі қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ