Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда автобус арнайы техникамен соқтығысып, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді

Құлсары қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 18:50 шамасында Махамбет көшесінде болған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Yutong автобусы мен арнайы техника қатысқан. Соқтығысу салдарынан автобуста болған үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты қажетті материалдарды жинақтап, оның нақты себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

Оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда қауіпсіздік талаптарын ескеруге және жылдамдық режимін бұзбауға шақырады.