Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Қасақана өлтірмедім»: Сұлтан Сарсемалиев мәлімдеме жасады

Сарсемалиев Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты іс бойынша «өзін-өзі қорғағанын» мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында резонанс тудырған іс қаралып жатыр. Сұлтан Сарсемалиев Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру ниеті болмағанын айтты. Оның сөзінше, жанжал кенеттен туындаған, ал төбелес кезінде ол өзін қорғау мақсатында әрекет еткен. Сондай-ақ ол жәбірленушінің өлімі абайсызда болғанын мәлімдеді.

Алайда іс материалдарында Наурыздың мәйіті қылмыстан кейін 6–8 ай өткен соң табылғаны көрсетілген. Тергеу нұсқасы бойынша, оқиғадан кейін күдікті ізін жасыруға тырысқан: мәйітті үй ауласына жасырын көмген, марқұмның жеке заттарын қарап, құжаттары мен мүлкін иемденген, сондай-ақ айғақтарды жою әрекеттерін жасаған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, мәйіт ұзақ уақыт бойы жерде жатқандықтан, өлімнің нақты мән-жайын бастапқы кезеңде анықтау қиындаған.