Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Индерде не боп жатыр?

27 сәуір күні Индербор кентінде жанжал шығып, алдын ала мәлімет бойынша ол травматикалық қару қолданумен аяқталған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға 30 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің ауласында болған. Оқ атылғаннан кейін шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін полиция оларды іздестіруге жариялап, қысқа уақыт ішінде күдікті ретінде 2003 және 2004 жылы туған, осы кенттің тұрғындары болып табылатын екі ағайындыны ұстады. Зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалды. Қазіргі уақытта ол хирургия бөлімінде жатыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандар дереу қолға түсіріліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдарының кешені жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото: ru.freepik.com