Полиция қызметкерлері бұл құқықбұзушылықты бейнебақылау камералары арқылы тіркеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Балалардың жеке тұлғалары анықталып, ата-аналары түсіндіру әңгімесіне шақырылды. Құқық қорғау органдары ескертеді: ересектердің қарауынсыз және қауіпсіз аймақтардан тыс жерде жол бойымен қозғалу қауіпті және жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.
Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы ережелері мен балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік түсіндірілді. Полиция барша тұрғындарды мұқият болуға және балаларды, әсіресе жол маңында, қараусыз қалдырмауға шақырады.
