Кісі қолынан қаза тапқан Яна Легкодимованың анасы сотталғандардың әкелеріне үн қатты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Марқұм Янаның анасы Галина Легкодимова қызының өліміне кінәлі деп танылған азаматтардың әкелеріне жүгініп, бұл қайғылы оқиғаның өзіне қандай ауыр күйзеліс пен азап әкелгенін айтты.
«Біздің өмірлік құндылықтарымыз олар үшін ештеңе білдірмейді. Олар менің жалғыз балам бар екенін, менен басқа ешкімім жоқ екенін жақсы білді. Бірақ оларды ештеңе тоқтатпады. Олар менің баламды өлтірді, онымен бірге мені де өлтірді. Сол күннен бері мен өмір сүріп жүрген жоқпын, тек тіршілік етіп келемін», — деді Галина Легкодимова.
Ол бұл трагедия бүкіл отбасын күйреткенін атап өтті: «Біз денсаулығымыздан, жүйкемізден айырылдық, әбден күйзелдік. Біздің отбасымыз енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Бір жыл төрт ай өтті, бірақ біз үшін бұл бір күндей ғана. Біз енді күлмейміз, туған күндерді, Жаңа жылды, 8 наурызды — ештеңені тойламаймыз».
Янаның анасы сотталғандардың титтей де адамгершілік танытпағанын, олардың әрекеті отбасын болашақсыз қалдырғанын айтты.
«Мен өмір бойы баламды жақсы көрдім. Ол менің досым, өмірімнің мәні, ертеңгі күнім еді. Қазір ол жоқ. Мен қол-аяғым жоқ адам сияқты күйдемін. Менде енді ертең деген ұғым жоқ», — деп қосты ол.