Атырау облысында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) зертханалық расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ауру Исатай ауданының тұрғынынан анықталған. Әйел 12 тамызда ауруханаға жатқызылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 25 тамыздағы мәліметінше, қазіргі жағдайы тұрақты.
Отбасының тағы бір мүшесі 16 шілдеден бері медициналық бақылауда. Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына жасалған ПТР-тест нәтижесі теріс көрсеткен. Оның да жағдайы тұрақты.
Науқаспен байланыста болғандардың барлығы медициналық бақылауға алынған. Қазіргі уақытта олардан инфекция белгілері анықталған жоқ.
Мамандар аудандағы кенелерді, ауыл шаруашылығы және үй жануарларын тексерген. Барлық зерттеу нәтижелері теріс болған.
Әйелдің ауруды қайдан жұқтырғаны әзірге анықталған жоқ.
Дереккөз: «Halyqstan»
