Атыраулық тұрғын кішкентай баланың қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытып, алғыс арқалады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атыраудың 38 жастағы тұрғыны Дастан Бозаев қырағылығы мен азаматтық жауапкершілігі үшін Атырау облысы Полиция департаменті басшылығының Алғыс хатымен марапатталды. Ол көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген кішкентай баланы байқап, оны қауіпсіз жерге апарған. Кейін ата-анасын жедел іздестіруге көмектесіп, нәтижесінде бала қысқа уақыт ішінде аман-есен отбасына табысталды.
Полиция департаментінде мұндай әрекеттердің жоғары азаматтық жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісі екені атап өтілді. Сондай-ақ өңір тұрғындарын қараусыз жүрген баланы немесе көмекке мұқтаж адамды байқаса, бейжай қалмауға шақырды. Уақытылы көрсетілген көмек қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.
