Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық тұрғын Дубайдағы ахуалды айтып берді (+ВИДЕО)

Атырау қаласының тұрғыны Асыл Жұмырғожиева 27 ақпанда 21 адамнан тұратын қазақстандық делегация құрамымен жұмыс бабымен Дубай қаласына барған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Келесі күні, 28 ақпанда, оларға Иран, Израиль және АҚШ арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты БАӘ әуе кеңістігі жабылғаны хабарланған. Бүкіл делегация қаладағы қонақүйлердің біріне орналастырылып, нөмірлерден шықпау және терезелерге жақындамау жөнінде нұсқау берілген.

Асылдың айтуынша, түнде шұғыл эвакуация дабылы естіліп, барлығын минус қабаттағы автотұраққа түсірген. Турист әйелдің сөзінше, өте қорқынышты болған, жарылыстардың дыбысы естілген. Таңертең делегация таңғы асқа шыққанда да аспан тыныш болмаған.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар қонақүй нөмірлерінде қалып, Қазақстан Республикасының Елшілігі тарапынан берілетін қосымша нұсқауларды күтуде. Елшілік Дубайдағы Қазақстан азаматтары үшін Telegram-чат ашқан. Қазір ол чатта шамамен 4 мыңға жуық адам бар, онда жағдай туралы жедел ақпарат, төтенше қызметтердің байланыс нөмірлері және басқа да пайдалы нұсқаулар жарияланып жатыр.

Асыл Жұмырғожиеваның айтуынша, туристер қатты қорқып отыр және мүмкіндігінше тезірек елге оралуды үміт етеді.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...