Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық тұрғын Абу-Дабидағы қонақүйлердің жағдайымен бөлісті

Өңірдегі қазіргі жағдайға және сапарларға қойылған шектеулерге байланысты Абу-Даби мәдениет және туризм департаменті (DCT Abu Dhabi) эмираттағы қонақүйлерде қонақтардың болу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

DCT-тің ресми хатына сәйкес, егер туристердің қонақүйден шығу уақыты келіп жетсе, бірақ өздеріне байланысты емес себептермен кете алмаса, оларға шығу мүмкіндігі туғанға дейін қонақүйде қалуға рұқсат беріледі.

Тұру мерзімін ұзартуға байланысты барлық шығындарды Абу-Даби мәдениет және туризм департаменті өтейді. Қонақүйлер шоттарды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. электрондық поштасына жіберуі тиіс. Қосымша сұрақтар бойынша қонақтар бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету тобына 026576283 телефоны арқылы хабарласа алады.

Бұл туралы Atyrau Today тілшісіне Атырау қаласының тұрғыны Асылай Жұмырғожиева хабарлаған. Оның айтуынша, тиісті нұсқаулық парақтары әрбір қонаққа нөмірлерінде таратылып, қонақүй қызметкерлеріне көрсету үшін берілген.

Фото: ru.freepik.com