Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атыраудағы түзеу мекемесінде не болған? (+ФОТО)

Атырауда түзеу мекемесіне дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау қаласында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті. Еліміздің ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, №5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, №15 мекеме аумағына қонған ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтап, ұстады.

Оқиға кешкі уақытта орын алған. Қызметтік міндеттерін атқару барысында әскери қызметшілер мен мекеме қызметкерлері дронды дер кезінде байқап, оны ұстау бойынша жедел шаралар қабылдады. Ұшқышсыз ұшу аппаратының жанынан табылған түйіншекті тексеру барысында жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған 11 пакет және насыбай салынған 2 пакет анықталды.

Аталған дерек бойынша одан әрі тексеру жүргізу үшін материалдар құзыретті органдарға тапсырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Image