Атырау қалалық полиция басқармасы азаматша В.-ға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Полицияның мәліметінше, 22 сәуірде әйел адамның жеке ұйымдардың бірінің қызметкерін көлікпен қағып кеткені туралы арыз түскен. Оқиға салдарынан ер адам жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жеке аумақта болған. Жүргізуші мен күзет қызметкерінің арасында жанжал туындап, кейін көлікпен қағу фактісі орын алған. Оқиға орнынан бейнежазбалар тәркіленді.
Тергеу аясында күдікті мен оның қорғаушысы тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция басқармасына бірнеше рет шақырылған. Алайда олар келмеген. Осыған байланысты тергеуші азаматша В.-ны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарған.
Полиция сондай-ақ әйелдің бұған дейін сот шешімімен жала жабу бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Бейнежазбаға сәйкес, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, олардың заңды талаптарын орындамаған тұлғалардың әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Фото: ru.freepik.com