Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 25,4%-ға төмендеді

Атырау облысында «5 минут – құндылық» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жоба іске асырыла бастағалы бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс 25,4%-ға, ал қылмыстардың жалпы саны 12,5%-ға төмендеген.

Жобаның негізгі бағыты бойынша мектептерде әр сабақтың алғашқы бес минуты заң талаптарын, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілік мәселелерін, үлкендерді құрметтеу және қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыптарын түсіндіруге арналады.

Алғашқы кезеңде буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Қазір түсіндіру жұмыстары спорт секцияларында және басқа да мекемелерде жалғасып жатыр.

BINOM атындағы Әл-Фараби мектебінің педагог-психологы Аймира Жақсылықованың айтуынша, қысқа әрі тұрақты әңгімелер балаларға өз құқықтары мен міндеттерін жақсырақ түсінуге көмектесіп, жауапкершілігін арттырады.

Жоба Атырау облысының прокурорының бастамасымен жүзеге асырылуда. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фото: ru.freepik.com