Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адамнан 2,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Индер ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Полиция азаматтарды заңсыз талаптарға көнбеуге және қорқытып алу деректері болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Сәуле МАҒАУ

ВИДЕО ОСЫНДА...