Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда түнгі жарыс ұйымдастырған кім?

Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті маневр жасайтын және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілер анықталуда.

Жыл басынан бері жол қозғалысына қатысушылардың апатты жағдай туғызуына әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу бойынша 616 дерек, ал маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша 2 558 дерек анықталды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ