Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда үш жасар бала саябақта неге жалғыз жүр?..

16 тамыз күні таңертең Атыраудағы саябақтардың бірінде өтіп бара жатқан тұрғын жалғыз жүрген кішкентай баланы байқайды. Оның жанында ата-анасы да, туыстары да болмаған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Сағат 07:25-те ер адам болған жағдай туралы 102 нөміріне хабарлаған. Арада 10 минут өткенде оқиға орнына патрульдік полиция қызметкері, капитан Сұлтан Сапарғалиев келген.

Полиция қызметкері үш жасар баланы қарауына алып, оны тыныштандырып, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда болуын қамтамасыз еткен. Осы уақытта полицейлер баланың ата-анасын анықтауға кіріскен.

Көп ұзамай баланың анасы табылып, бала аман-есен анасына тапсырылды.

Полицияның айтуынша, мұндай жастағы баланың бірнеше минуттың өзінде қараусыз қалуы үлкен қауіпке әкелуі мүмкін. Қырағылық танытқан тұрғын мен полиция қызметкерінің жедел әрекетінің арқасында ықтимал келеңсіз жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болды.