Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда полиция қызметкерлерінің арасында не болған?

Атырау қаласының соты 23 жастағы полиция қызметкері Сымбат Танатароваға қатысты үкім шығарды. Қорғаушы тарап Қазақстандағы ең шулы сталкинг оқиғаларының бірі деп атаған іс айыптау үкімімен аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, бұрынғы әріптесі Қанат Ершанмен болған жанжал кезінде ер адам Сымбат Танатарова басқарған автокөліктің капотына шығып кеткен. Соған қарамастан, ол көлікті жүргізуді жалғастырған. Кейін Қанат Ершан құлап, ауыр жарақат алған.

Сот Сымбат Таңатарованы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, оған алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты ол жазасын өтеуден босатылды.

Сонымен қатар, сот шешімімен Танатаровадан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 1 миллион теңге өндірілді. Ал қорғаушы тарап бірнеше ай бойы қудалады деп айыптаған Қанат Ершанның әрекеттеріне құқықтық баға беру мәселесі сот шешімінде көрініс тапқан жоқ.