Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда полицей түн ішінде адасып кеткен кішкентай қызды тауып берді

Атырауда полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару барысында жоғалып кеткен кішкентай қызды жедел іздеп тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бала жоғалғаны туралы хабарлама 25 шілде күні сағат 00:30 шамасында түскен. Бағдарлама алған полицей бірден іздеу жұмыстарына кіріскен. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде қыз бала қысқа уақыт ішінде аман-есен табылды. Кейін ол ата-анасына тапсырылды.

Полиция департаментінде балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін еске салды. Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың қайда жүргенін үнемі бақылап отыруға және қауіпсіздік ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отыруға шақырды.

«Тіпті аз ғана сақтықтың өзі үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.