Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ұсақ бұзақылық), деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Сотпен анықталғандай, азамат М. Атырау қаласы Қ.Сәтпаев көшесіндегі үйдің тұсында ұялы телефонына бейнеролик түсіріп, былапыт сөйлеп, оны «Инстаграм» парақшасына жүктеп, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған.
М.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

