Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мас адам өзенге түспек болды...

Атырауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары мас күйдегі ер адамның суға түсуге тыйым салынған жағалау учаскесіне бет алғанын тіркеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға 27 шілде күні сағат 13:15 шамасында Смағұлов пен Атамбаев көшелері маңындағы жағалауда болған. Камералардан түскен белгі бойынша оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері келіп, ер адамды тоқтатты. Кейін ол медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 1985 жылы туған тұрғынға қоғамдық орында мас күйінде жүргені және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция суға түсуге тыйым салынған орындарда шомылу өмірге қауіпті екенін еске салады. Атыраудағы қауіпсіздікті тәулік бойы бейнебақылау камералары мен дрондар бақылап отырады.