Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда күдікті зат тұтынған жүргізуші ұсталды

Атырауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

14 қазан күні рейд барысында көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Daewoo автокөлігін жүргізген азамат және психотроптық заттарды тұтынған күйде BMW көлігін басқарған жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар Toyota, Lada және Chevrolet маркалы автокөліктердің жүргізушілері қарсы бағытқа арналған жолаққа шыққан.

5 жүргізушіге қатысты әкімшілік шарасы алынып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Полиция ескертеді: жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз! Мас күйде немесе көлік басқару құқығынсыз рөлге отыру өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіреді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Image